Жаңалықтар

Музыкант Darkhan Juzz-дің денесі елге жеткізіледі

Музыкант Darkhan Juzz-дің денесі елге жеткізіледі
Фото: gov.kz 27.02.2023 17:08 766

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дархан Жүнісбековтің денесі Алматы қаласына Air Astana әуе кемесімен жеткізіледі.

“Пхукеттен Алматы қаласына тасымалдау операциясын Air Astana компаниясы түгелдей өздерінің қаражатына жүзеге асырады. Бұған дейін жиналған қаржының барлығы отандасымыздың ата-анасына берілетін болады”,- дейді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, танымал қазақстандық әнші Darkhan Juzz Таиландта жол апатынан қайтыс болды. Сондай-ақ Дархан Жүнісбековтің аяқталмаған альбомы жарыққа шығатыны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға