Жаңалықтар

Музыкант Darkhan Juzz неден қайтыс болғаны белгілі болды

Музыкант Darkhan Juzz неден қайтыс болғаны белгілі болды
Фото: instagram.com/d.juzz 24.02.2023 17:29 2485

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі әнші Дархан Жүнісбековтің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

"Таиланд полициясының ақпараты бойынша, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Ол жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Консул марқұмның туыстарымен байланыста, Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, танымал музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға