Жаңалықтар

"Мұнда қалай тап болдым". Танымал актер түрмеден хат жолдады

"Мұнда қалай тап болдым". Танымал актер түрмеден хат жолдады
Фото: instagram.com/askarzhumabeqov 20.02.2024 17:41 1087

Танымал актер Асқар Жұмабеков оқырмандарына түрмеден хат жолдап, көмек сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылы 12 қазанда Алматы қалалық Бостандық ауданының №2 аудандық сотында караоке-бардағы төбелеске қатысушыларға қатысты үкім шыққан еді. Олардың арасында танымал актер Асқар Жұмабек те бар. Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түсті.

Түн. Тым-тырыс. Түрлі ойлар. Анамды, әкемді, бауырларымды, жақындарымды, сіздерді сағындым. Күйбең тірлік деп жүгіріп жүрсіңдер ме? Иә, бір жағынан тірі адам тіршілігін жасайды. Бұл заңдылық. Бізде де мұнда солай. Бәрі режиммен. Таңның атысы, күннің батысы, қайталанбалы дүние. Бостандықта жүрген кезімді сағындым, - делінген хатта.

Ол өзін қолдап жатқан жандарға алғыс білдірді.

Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін. Кеше бір жаңалық естідім. Әлгі, Түркістандағы 5 жасар қызды зорлаған езге 2 жыл условный берді дей ме? Әлде шалыс естідім бе? Қызық, ә?! Менің жағдайыма осынша уақыт. Осының бәрін жұта береміз бе? Жалпы, мені қолдап жатқан адамдардың 80% әйелдер қауымы. Сіздерге Алла разы болсын! Бауырлар, сіздер ше? Үстемдіктерің қайда? Ел ағалары, сіздер ше? Бір бауырларыңа, қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма?, - деп жазды актер.

Айта кетейік, актер Асқар Жұмабеков өзінің 6 жыл 6 айға жазықсыз сотталып жатқанын айтып, Президенттен көмек сұраған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға