Жаңалықтар

"Ақша жоқ болса, бәріміз қамала береміз бе?". Танымал актер Тоқаевтан көмек сұрады

"Ақша жоқ болса, бәріміз қамала береміз бе?". Танымал актер Тоқаевтан көмек сұрады
Фото: instagram.com/askarzhumabeqov 12.10.2023 10:00 985

Танымал актер Асқар Жұмабеков өзінің 6 жыл 6 айға жазықсыз сотталып жатқанын айтып, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, құрметті Президент, сізден өтініп, көмек сұрағым келіп тұр. Мына видеоны түсіруге мәжбүр болып тұрмын. Себебі басымда бір іс болып жатыр. Құрметті сот, өзім халықтың алдында жүрген адаммын, өнер адамымын, актермін. Сол себепті осы видео сізге жетеді деген үміттемін. Оқиға осыдан бір жыл бұрын, 2022 жылғы 27 желтоқсанда Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы караокеде болған", - деді ол.

Актер 10 ай бойы үйқамақта отырғанын, ал істі сот тек бір жақты қарап жатқанын айтты.

10 қазанда сот болды. Ертең үкім шығады. Сол себепті мен мына видеоны өзімді қорғау мақсатында, сізден көмек сұрау мақсатында түсіріп қойып жатырмын, құрметті сот. Әділдікті қалаймын. Ол жерде менің ешқандай кінәм жоқ. Мен ажыраттым. Ешкіммен төбелескен жоқпын, құрметті Президент. Егер де ертең бізді бас бостандығымыздан айыратындай жағдай болып жатса, осы видео бүкіл Instagram желісінде тараса екен деймін. Ол жерде Ыдырысов, Әблязимов, Бахредин деген кісілердің ұлдары болып отыр. Сол себепті кімге барып көмек сұрасаң да, басын алып қашады. Себебі қорқады. Мына видеоны өзім түсіріп отырмын. Өйткені басқа мүмкіндік қалмады, құрметті Президент. Барынша көмек беруіңізді өтініп сұраймын сізден, - деді актер.

Асқар Жұмабековтің айтуынша, бұл іс бойынша басқа да жігіттер де жазықсыз сотталғалы жатыр.

Біз қай елде тұрып жатырмыз, Президент мырза? Бізде ақша жоқ болса, біз сонда бәріміз қамала беруіміз керек пе? Егер сондай болса, онда біз Қазақстан елінің азаматы болмай-ақ қояйық, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аскар Жумабек (@askarzhumabeqov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға