Мұхтар Шаханов Алматыда жерленетін болды

 Әдебиет порталы/Әйгерім БЕГІМБЕТ
Фото: Әдебиет порталы/Әйгерім БЕГІМБЕТ

Ақынның денесін жақындары Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында жер қойнына тапсырады. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов  21 сәуір күні Алматыда жерленеді. 

Ақынмен қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері мен ақын шығармашылығын құрметтейтін азаматтар қатыса алады.

Қоштасудан кейін, сағат 11:30-да жерлеу рәсімі өтеді. Жақындары Мұхтар Шахановты Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратына жерлейді. 

Бұған дейін ақынның жұбайы Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына ашықхат жолдап, оны Арыстанбаб кесенесі аумағында жерлеуді сұраған еді. 

Мұхтар Шаханов – көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы. Қалың жұрт оны өр рухты ақын, ұлт мүддесін қорғаған қайсар азамат ретінде таныды. 

 

Оқи отырыңыз