«Бұл – қазақ руханиятына құрмет»: Шахановтың жары Тоқаевқа ашық хат жазды

 әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өткеннен кейін оның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауға қолдау көрсетуді сұрады.

Хатта ақынның көзі тірісінде білдірген ең соңғы тілектерінің бірі – өзінің мәңгілік мекені ретінде Арыстанбаб кесенесі маңын таңдағаны атап өтілген.

Ақынның киелі топырақта жерленуі – отбасының өтініші ғана емес, бұл ұлттық рухқа, тарихқа және ұлы тұлғаға көрсетілетін зор құрмет, – делінген хатта.

Сондай-ақ аталған нысанның республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш екені ескеріліп, жерлеу рәсімін заң талаптарына сай өткізу үшін арнайы рұқсат қажет екені айтылған. Осыған байланысты ақынның жары Президенттен бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қарастырып, тиісті органдарға нақты тапсырма беруді сұраған.

Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні  84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Оқи отырыңыз