Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда 23.03.2024 17:47 579

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекеттен көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты. Сонымен қатар сөйлесу кезінде Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады.

Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға