Жаңалықтар

Мемлекет басшысы футболдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы футболдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады
Фото: t.me/aqorda_resmi 10.09.2023 21:53 792

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездесіп, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Мемлекет басшысы футболдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады

Ел құрамасы алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Ойынның 27-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов гол соқты. 

Мемлекет басшысы футболдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады

Матчты тамашалауға елордадағы «Астана-Арена» стадионына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барды.

Сондай-ақ ойынды тамашалауға мұхит асып Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға