Жаңалықтар

Президент Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчын тамашалауға барды

Президент Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчын тамашалауға барды
Фото: t.me/aqorda_resmi 10.09.2023 19:10 888

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуін тамашалауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ ойынды тамашалауға мұхит асып Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келіп отыр.

Президент Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчын тамашалауға барды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Тапалов, Быстров, Марочкин, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Бейсебеков, Тағыберген, Оразов, Самородовты қосты.

Ал Солтүстік Ирландия құрамасы сапында Пикок-Фаррелл, Баллард, Эванс, Макнейр, Хам, Макканн, Сэвилл, Чарльз, Макменамин, Кеннеди, Вашингтон жасыл алаңға шықты.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де «Астана-Арена» стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға