Мектеп бітіретін қызы бар депутат ақша жинауға қатысты ойын айтты

 ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғанда мектеп бітіру кешіне қатысты мәселелер тағы да қоғам талқысына түсті. Әсіресе ата-аналардың ақша жинауы, кешті мейрамханада өткізуі және оқушыларға арналған салтанатты іс-шаралар қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібіне қатысты қатаң ескерту жасады.

Министрліктің ресми хабарламасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханада, кафеде, банкет залында, демалыс базасында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынатыны айтылды.

Оқи отырыңыз: 

Алайда бұл мәселеге қатысты ата-аналардың пікірі әртүрлі. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов де бұл тақырыпқа қатысты ойын білдірді. Оның айтуынша, кей жағдайда ата-аналар балалардың көңілі үшін өз еркімен қаражат жинайды және мұны міндеттеу немесе қысым көрсету деп қабылдамау керек. Депутаттың сөзінше, биыл оның ортаншы қызы 11-сынып бітіреді. Сол себепті мектеп бітіру кешіне дайындық мәселесі өз отбасына да жақын.

Біз ата-аналар өзіміз бірігіп, іс-шара өткізу үшін қаражат жинап жатырмыз. Өте қымбат ресторан немесе ерекше салтанатты орын емес, қарапайым түрде балалардың көңілін көтеру үшін ұйымдастырып жатырмыз. Өйткені балалар мектеп бітіріп жатыр ғой, – деді депутат.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Сонымен қатар ол мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты өз тәжірибесін де бөлісті. Айтуынша, кейде түрлі іс-шараларға ата-аналар өз еркімен қаражат қосады, алайда мұны міндеттеу ретінде қабылдамаған жөн.

Менің кішкентай қызым 6-сыныпта оқиды. Әртүрлі іс-шаралар болады. Бірақ мектеп тарапынан міндеттеп ақша сұрағанын көрген емеспін. Жалпы өз еркімізбен береміз. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Сондықтан бәрін ашық айту керек, – деді ол.

Сондай-ақ депутат балаларының жеке мектепте білім алатынын айтты.

Ортаншы қызым 11-сынып бітіреді, кенже қызым 6-сыныпта оқиды. Екеуі де жеке мектепте оқиды. Олардың оқу ақысын өз қаражатымның есебінен төлеп отырмын, – деді Нұртай Сабильянов.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерінде ата-аналардан ақша жинау, мұғалімдерге сыйлық беру және салтанатты шараларды мектептен тыс жерде өткізу мәселесіне қатысты қауіпсіздік пен тәртіп талаптары қатаң сақталуы тиіс екенін мәлімдеген болатын.

 

Оқи отырыңыз