Жаңалықтар

Майамиде Мессидің таныстырылымы өтті

Майамиде Мессидің таныстырылымы өтті
Фото: Instagram/intermiamicf 17.07.2023 10:24 692

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубының жанкүйерлеріне ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

36 жастағы жұлдызды аргентиналықтың тұсаукесерінде «Интер Майами» стадионы лық толды. Салтанатты іс-шараға клуб басшысы Дэвид Бекхэм және команданың бас жаттықтырушысы Херардо Мартино қатысты.

Оқи отырыңыз:

Лионель Мессидің тұсаукесер рәсімі Майамидегі ауа райының қолайсыздығына байланысты бір жарым сағатқа кеш басталды.

Аргентина құрамасының капитаны «Интер Майамимен» келісімшартқа 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін отырды. Ал оның жалақысы, бонустарды қоса есептегенде, бір маусымда 60 миллион долларға дейін жетеді. Лео жаңа клубта 10-нөмірімен өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға