Жаңалықтар

Уимблдон-2023 жеңімпазы анықталды

Уимблдон-2023 жеңімпазы анықталды
17.07.2023 04:11 692

Лондондағы Орталық алаңда ерлер арасында Уимблдон-2023 жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңімпаз атағы үшін әлемнің 1-ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас пен екінші ракетка сербиялық Новак Джокович таласты.

Кездесу Алькарастың жеңісімен аяқталды - 1:6, 7:6 (8:6), 6:1, 3:6, 6:4.

Бес сетке созылған ойын 4 сағат 42 минут бойы жалғасты.

Осылайша испан осымен екінші рет Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға