Жаңалықтар

Мәскеудегі терактіден қаза тапқандар саны 115 адамға жетті

Мәскеудегі терактіден қаза тапқандар саны 115 адамға жетті
Фото: ТАСС агенттігі 23.03.2024 15:45 681

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" кешенінде болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар туралы жаңа дерек айтылды. Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, құрбан болғандар саны 115 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел қызмет мамандары концерт залы орнындағы үйінді астынан құрбан болғандардың денесін алып шыққан. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда. 

Еске салсақ, 22 наурызда "Крокус Сити Холл" кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған бір топ адам концертке келген адамдарға оқ жаудырды. Кейін ғимарат отқа оранды. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға