Жаңалықтар

Маңғыстауда тауға жазу жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті

Маңғыстауда тауға жазу жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Фото: Видеодан кадр 29.08.2023 14:28 861

Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу жазып, кейін кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева мәлім етті.

Манас Көшербаев қалаға келген соң кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адамға тәртіптік жаза қарастырылмады,- деді Гүлжайна Бисенғалиева.

Айта кетейік,Ақтаудағы борлы тауға адам есімін қашап жазған Манас Көшербаевтың басы дауға қалған еді. Ол бұл қылығы үшін елден кешірім сұрағанын да жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға