Жаңалықтар

“Әдепсіз сөзді әдемі есімге айналдырғым келді”. Мәдениет үйінің директоры кешірім сұрады

“Әдепсіз сөзді әдемі есімге айналдырғым келді”. Мәдениет үйінің директоры кешірім сұрады
Фото: Видеодан кадр 28.08.2023 15:34 1154

Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев Ақтаудағы борлы тауға адам есімін қашап жазғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысындағы Ыбықты сай - ең керемет жерлердің бірі. Өкініштісі қараусыз қалған. Жол өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол үңгірлерле дөрекі сөздер мен әдепсіз сөздер жазылған. Сондай әдепсіз сөзді әдемі есімге айналдырғым келді. Аңдаусызда жаза бастым, ағайын. Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қылдай қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының, отандастарымның алдында басымды иіп, кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер, ағайын, - делінген бейнежазбада.

Айта кетейік, ер адамның балға мен үшкір затпен ақ борлы тауды қашап, «Ақнәзік» деп жазғаны туралы хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға