Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

- Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

- Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Естеріңізде болса, бейсенбі күні Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болған еді. Белгілі болған дерек бойынша 14 әскери қызметкер толқын кезінде суға батып қайтыс болды. 

Осыған байланысты 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Каспий теңізінің акваториясында оқу-жауынгерлік тапсырма кезінде оқыс жағдайға ұшыраған әскери қызметшілерді іздеу бойынша тәулік бойы үздіксіз операция жүргізілді. 

Оқиғадан кейін бір күн өткенде 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.

Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен 5 лауазымды тұлға ұсталды. 

Оқи отырыңыз