Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан Елорда кубогында Серік Теміржановты жеңді

Махмұд Сабырхан Елорда кубогында Серік Теміржановты жеңді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 01.07.2023 16:54 656

Жақында ғана жаңа салмаққа ауысқан Махмұд Сабырхан Елорда кубогының жартылай финалында Серік Теміржановты жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көпшілік дәл осы кездесуді асыға күткен болатын. Себебі Махмұд 57 келіде алғаш рет бақ сынаса, Серік Теміржанов осы салмақта көшбасшы саналатын.

Айтулы жекпе-жекте Сабырхан қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Елорда кубогы 27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Дүбірлі додада 12 елден 200-ден астам спортшы бақ сынауда. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар.

Ерлер 13 салмақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг), ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг) бақ сынайтын болады.

Жүлде қоры:

 - Бірінші орын - 700 USD

 - Екінші орын - 400 USD

 - Үшінші орын – 200 USD (әрқайсысы).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға