Жаңалықтар

Литвадағы турнирде финалға шыққан боксшыларымыз белгілі болды

Литвадағы турнирде финалға шыққан боксшыларымыз белгілі болды
Фото: Бокс федерациясы 23.03.2024 10:23 3114

Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің финалына қазақстандық 9 боксшы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бокс федерациясының мәліметінше, ақтық сынға жолдама алған спортшылар тізімі мынандай:

  1. Нұрсұлтан Алтынбек – 54 кг;
  2. Асылжан Серікбай - 57 кг;
  3. Алмат Әбдуәли – 60 кг;
  4. Жандос Қыдырәлиев – 63,5 кг;
  5. Елнұр Сүйінбай - 67 кг;
  6. Фарух Тохтасунов - 71 кг;
  7. Азамат Бектас - 75 кг;
  8. Тұрсынбай Құлахмет - 80 кг;
  9. Абзал Құттыбеков - 92 кг.

Айта кетейік, 57 келі салмақ дәрежесінде польшалық Павел Брачпен жұдырықтасқан Асылжан Серікбай төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетәп, финалға қол жеткізді. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде Алмат Әбдуәли украиналық Тимур Бобошконы тізе бүктірді. 

63,5 келі салмақ дәрежесінде Жандос Қыдырәлиев Әлем чемпионатының қола жүлдегері Риз Линчті жеңді. 

67 келіде студенттер арасындағы әлем чемпионы, украиналық Данило Лозанмен кездескен Елнұр Сүйінбай аса тартысты өткен айқаста жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Альгирдас Шоцикас турнирінің жартылай финалында 71 келідегі Фарух Тоқтасынов украиналық Александр Трофимчукті тізе бүктірді. Әр раунд сайын қарқынын арттырған Фарух үш раундта да қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.

75 келі салмақ дәрежесінде дода қожайыны Арвидас Дайниспен кездескен Азамат Бектас төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.Ал 80 келі салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет украиналық Матви Ражбаны еш қиындықсыз жеңді. Үш раундта да екпінін түсірмеген боксшымыз аренаға жиналған көрерменді тік тұрғызардай өнер көрсетті.

92 келі салмақ дәрежесінде украиналық Мыкыто Заценюкпен кездескен Абзал Құттыбеков де төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.  

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға