Жаңалықтар

Сидней Олимпиадасының жүлдегері Ислам Байрамуков директор қызметке кірісті

Сидней Олимпиадасының жүлдегері Ислам Байрамуков директор қызметке кірісті
Фото: instagram.com/islam_bairamukov_97 22.03.2024 21:23 491

Алматы қаласындағы Тимирязев көшесінде орналасқан Республикалық спорт колледжіне даңқты балуан, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков директор болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол туризм және спорт министрлігі өткзіген конкурстан жеңіп, басшылық қызметке тағайындалды.

Шәміл Серіков, Дәулет Тұрлыханов, Ольга Шишигина, Валерий Люкин, Елена Чебукин, Валерий Тихоненко, Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков секілді дүлдүлдер тәрбиеленіп шыққан оқу орны 2022 жылы жабылған еді.

Сол кездегі Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев орнына модульдік спорт кешенін саламын деп бай тарихы бар оқу орнының жұмысын тоқтатқан. Бірақ кейін осы Ислам Байрамуков бастаған белсенділердің арқасында қайтадан жұмысын жалғастырған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға