Жаңалықтар

Күдебаев ісі. Баласы мен прокуратура екі түрлі ақпарат беріп жатыр

Күдебаев ісі. Баласы мен прокуратура екі түрлі ақпарат беріп жатыр
Фото: Коллаж El.kz 28.04.2023 15:15 755

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ісіне қатысты алып-қашып әңгімелер көбейіп кетті. Екінші ұлы Арман Мырзақұлов әкесі өзі берілгенін айтқан. Енді Бас прокуратура ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

БАҚ және әлеуметтік желілерде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың Қазақстанға ерікті түрде оралуы туралы мәліметтер таратылады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген хабарламада.

Аталмыш орган 2023 жылдың наурыз айында Күдебаев "ешқайда кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, сот отырысына келмегенін еске салды, Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Кейіннен оның мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы халықаралық әуежайдан Түркияның Стамбұл қаласына ұшып кеткені анықталды.Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша (ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі) арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Өз кезегінде Қырғыз тарапы да осындай қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп мәлім етті Бас прокуратура.

Хабарламаға сүйенсек, генералды ұстау және елге қайтару  үшін құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік серіктестерімен бірлесіп біраз тер төккен.

Интерпол күштері қосылды, Түркия Республикасының Әділет министрлігіне оны экстрадициялау бойынша материалдар жіберілді. С.Күдебаевтың өз бетінше отанына оралғысы келмегенін атап өтеміз, өйткені алынған мәліметтер бойынша ол Түркияда тұруға ықтиярхатты рәсімдеуге құжаттар тапсырған. Алайда шетелдік әріптестердің көмегімен ол Түрік Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Бұған дейін  Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өзі оралғанын айтқан.

Қазіргі кезде Талдықорғанда соты өтіп жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға