Жаңалықтар

Мен кінәлі емеспін – Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Мен кінәлі емеспін – Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты
Фото: telegram 28.04.2023 14:33 1266

Талдықорғанда Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сот отырысы барысында Күдебаев тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын айтты.

Мен кінәлі емеспін. Өз халқыма оқ атқан жоқпын: әйелдерге де, балаларға да. Азаптау болған жоқ. Жәбірленушілер де жоққа шығарды. Бар айтарым осы, рахмет, - деді Қүдебаев.

Үкім бүгін жариялауы тиіс.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өзі оралғанын айтқан.

Әкем сол күні түнде Асланбек деген кенже ініме қоңырау шалып, елге келе жатқанын, өз еркімен берілетінін айтқан. Ал кейбір БАҚ-та жалған ақпарат тарап жатыр. Біз ешқайда кеткен жоқпыз. Отбасы мүшелері осында, - деді Арман Мырзақұлов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Еске салайық, Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен. Сонан соң оның ұсталған кездегі суреті жарияланды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға