Жаңалықтар

«Крокус Сити Холл» кешеніндегі теракт: Оқ атқандардың барлығы ұсталды

«Крокус Сити Холл» кешеніндегі теракт: Оқ атқандардың барлығы ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.03.2024 18:30 1681

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 133 адамға жетті. Концерт залында халыққа оқ жаудырғандардың барлығы ұсталды. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин халыққа арнаған бейнеүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Кремьлге сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей басшысының айтуынша, елдің барлық аймағында лаңкестікке және диверсияға қарсы қосымша шаралар енгізілді. Басты мәселе – осы қантөгістің артында тұрғандардың жаңа қылмыс жасауына жол бермеу.

Лаңкестік қылмысты тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адамдарды атып өлтіргендердің барлығы табылып ұсталды. Олар - терактінің төрт тікелей орындаушысы.

Олар жасырынуға әрекеттеніп, Украинаға қарай бағыталған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Украина тарапынан оларға мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін терезе дайындалған. Барлығы 11 адам ұсталды. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен басқа да құқық қорғау органдары лаңкестердің барлық сыбайлас базасын анықтау және ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр: оларды көлікпен қамтамасыз еткендер, қылмыс орнынан қашу жолдарын белгілегендер, жасырын және қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған қоймалар дайындағандар.

Қайталап айтамын, тергеу және құқық қорғау органдары қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтау үшін бәрін жасайды. Қылмыскерлер салқынқандылықпен және мақсатты түрде біздің азаматтарды, балаларымызды өлтіруге барды. Кезінде фашистер басып алған жерлерінде қанды қырғындар жасағаны сияқты, олар да қырғынға ұшырату, қанды қырғын көрсетуді жоспарлаған. Қылмысқа қатысы бар барлық кінәлілер, ұйымдастырушылар және тапсырыс берушілер кім болса да әділ әрі бұлтартпайтын жазаға тартылады. Біз лаңкестердің артында тұрған, Ресейге, біздің халқымызға осы зұлымдықты, бұл соққыны дайындағандардың барлығын анықтап жазалаймыз,-деді Владимир Путин.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға