Жаңалықтар

Көптің көңілінен шыққан "Келінжан" телехикаясының жалғасы түсіріле ме?

Көптің көңілінен шыққан "Келінжан" телехикаясының жалғасы түсіріле ме?
Фото: Әлеуметтік желі 08.12.2023 18:08 790

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Келінжан" телехикаясының алтыншы маусымына қатысты көрерменнің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Продюсерге оқырманының бірі "Келінжанның алтыншы маусымын түсіретін ойыңыз бар ма?", - деп сауал жолдаған.

Өмірімнің ең бір маңызды кезеңінде дүниеге келген "Келінжанның" миссиясы аяқталды. Сарадан басқасына "еншісін" беріп, дүниесін төлеп, атағын да, ақшасын да ұстатып, қоштастым. Ешкімнің ақысы қалған жоқ деп ойлаймын. Енді ондай жоба бола ма, жоқ па оны да білмеймін... "Келінжан" жүрегімде мәңгі қалады, - деп жауап берді Гүлнұр Мамасарипова Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, «Келінжан» сериалында Мәдібек рөлі арқылы танылған Назар Шархан орта есеппен айына қанша табыс табатынын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға