Жаңалықтар

«Келінжан» сериалындағы Мәдібек қанша табыс табады

«Келінжан» сериалындағы Мәдібек қанша табыс табады
Фото: instagram.com/nazar0n 24.10.2023 11:07 5945

«Келінжан» сериалында Мәдібек рөлі арқылы танылған Назар Шархан орта есеппен айына қанша табыс табатынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Stan.kz сайтына берген сұхбатында актердің сөзіне қарағанда, ол жылына 2-3 картинаға түседі екен. Дегенмен қанша сыйақы алатынын ашық айтпады.

Атап айта алмаймын. Себебі, коммерциялық құпия деп айтайын. Қазір гонорарымды айтсам, аз төленген актерлердің көңіліне тиіп қалуы мүмкін, ал қымбат алған әріптестеріме күлкі болуы мүмкін. Сондықтан нақты суммасын айтпаймын. Бірақ, айтарым қазір актерлерге аса көп гонорар төленбейді. Тек ең сұранысқа ие, "топовый" актерлерге ғана жақсы гонорар төленеді. Мен білетін кейбір актерлер бар тапқан табыстары өздерінің күнкөрісіне жетпейді.

Ал өзіңіздің гонорарыңыз күнкөріске қаншалықты жетеді? Яғни сізді қымбат актерлердің қатарына қосуға бола ма?

Мен өзім жылына 2-3 картинаға түсемін. Ол менің жылдық азығым болады. Ал, оны айға бөліп есептесек шамамен 300 мың мен 400 мыңның арасында болады. Бұл шетелмен салыстырғанда еліміздегі актерлердің бағасы өте төмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға