Жаңалықтар

Көпшілікке жаңа әнін ұсынған Мәдина Сәдуақасова сынның астында қалды

Көпшілікке жаңа әнін ұсынған Мәдина Сәдуақасова сынның астында қалды
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina 24.10.2023 12:09 3221

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова тыңдарманына жаңа әнін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде жазып, әннің үзіндісін салып қойған. Ал туындының атауы – No problem.

«No problem» жаңа әнім бірер күннен кейін барлық алаңда. Барлық проблемаңызды жоқ қылуға дайындалыңыздар! Шешілмей жүрген қандай проблемаңыз бар? – деп жазды Сәдуақасова.

Дегенмен әннің атауы да, өзі де, тіпті әншінің жазбасы да оқырмандардың көңілінен шықпаған секілді.

Оқи отырыңыз:

«Артық айтсам, Алла мені кешірсін, осы жасқа келіп осындай өлең айтқан жараспайды екен», «Ел-жұрт қырылып, қан жұтып жатса, «проблема жоқ» деп мына апа отыр», «Жас көрінуге емес, өз жасыңызда жақсы көрінуге тырыссаңыз, сұлулығыңыз арта түсер еді», «Кеудеңді тағы ашпадың ба? Ұят қайда? Адам жасына қарай жүруі керек. Хайп қумай!» - деп жазған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МАДИНА САДВАКАСОВА (@sadvakasovamadina)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға