Жаңалықтар

«Көп дәрі ішкен»: Тараздық әйел өз-өзіне қол салмақ болды

«Көп дәрі ішкен»: Тараздық әйел өз-өзіне қол салмақ болды
Фото: Видеодан кадр 16.03.2024 17:46 537

Таразда әйел азаматы өз-өзіне қол салмақ болды. Оқиға бүгін Ұлы дала шағын ауданындағы көпқабатты үй пәтерінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушыларға жергілікті тұрғынның суицидке оқталмақ болғаны туралы хабарлама сағат 16:17-де келіп түскен. Қоңырау шалушы адамның айтуынша, әйел шамадан тыс мөлшерде дәрі-дәрмек ішкен.

Шақырту бойынша мекенжайға жедел-құтқару жасағаның құтқарушылары шұғыл жетті. Олар альпинистік құралдардың көмегімен 5-қабаттың балконынан 4-қабатқа түсіп, терезе арқылы үйге кірген.

Пәтер ішінен ес-түссіз жатқан әйел табылған. Құтқарушылар оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға