Жаңалықтар

Ақтауда суицид жасамақ болған адам іздестіріліп жатыр

Ақтауда суицид жасамақ болған адам іздестіріліп жатыр
Фото: Бейнежазбадан скриншот 03.03.2024 22:23 444

Ақтауда 32б шағын ауданындағы көпқабатты үйден секірмек болған әйел адамды полиция іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында 32бшағын ауданында әйел адамның суицид жасамақ болғаны белгілі болып отыр. Осыдан кейін полиция жедел әрекетке көшкенін мәлімдеді.

20 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болды. Осыдан кейін ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта полиция аталған іс бойынша іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақпан айының ортасында 8 шағын ауданда ер адам жоғары қабаттан құлап қайтыс болған еді. Кейін марқұмның әдейі секіргені анықталды. Алайда тергеу амалдарының құпиялылығына байланысты ПД істің мән-жайы тергеу аяқталғанша айтылмайтынын хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға