Жаңалықтар

Көкшетауда әкімшілік ғимараты өртенді

Көкшетауда әкімшілік ғимараты өртенді
Фото: © Pixabay.com 12.03.2024 22:02 431

Көкшетауда Н.Назарбаев даңғылы бойында орналасқан әкімшілік ғимараты отқа оранды. Оқиға бүгін 12 наурызда сағат 19.55-те болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын 40 шаршы метр алаңды шарпыған.

Өрт сағат 20-30-да сөндірілді. Оны сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға