Жаңалықтар

Таразда қойма өртенді

Таразда қойма өртенді
Фото: t.me/qr_tjm 11.03.2024 11:31 374

Таразда қойма өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында 350 шаршы метр алаңда қойма өртеніп жатыр.

Әзірге өртке не себеп болғаны белгісіз.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға