Жаңалықтар

Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер ойынды жеңіспен бастады

Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер ойынды жеңіспен бастады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі 20.01.2024 10:38 651

Қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Telegram-каналының жазуынша, 3×3 хоккейден топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Польшаны тас-талқан етіп жеңді. Есеп: Қазақстан-Польша 18:8 (3:2, 5:4, 10:2)

Ертең жерлестеріміз Аустриямен шеберлік байқасады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға