IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды.
Ашылу салтанаты сыйымдылығы 8 мың адамды құрайтын «Купол Ёнпон» спорт кешенінде өтті. Айта кетейік, бұған дейін «Купол Ёнпон» сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді.
Қатысушыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады.
Шара барысында еліміздің көк туын конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шықты.
Олимпиадада елімізден рекордтық 41 спортшы 5 спорт түрінен 9 дисциплинада бақ сынайды.
Жалпы аталмыш бәсекеге әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы жүлдеге таласады.
Енді жерлестеріміз 20 қаңтар күні биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек, 3×3 хоккейден жарысты бастайды.
IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі