Жаңалықтар

Италиялық пианист Astana Opera солистеріне мастер-класс өткізеді

Италиялық пианист Astana Opera солистеріне мастер-класс өткізеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 24.02.2024 04:20 545

Astana Opera халықаралық академиясының тәлім алушылары «Қоңырау немесе дәріханашының алғашқы неке түні» комикс операсының премьерасына дайындалуда. Оларға италиялық пианист мастер-класс өткізетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қойылым сәуір айының соңында көрермен назарына ұсынылады. 

Солистермен алғаш рет белгілі опера педагогы, пианист, дирижер Алессандро Бениньи жұмыс істейтін болады. Мастер-класс өткізу үшін коуч-пианист Италиядан арнайы шақыртылған.

Оқу барысында италиялық пианист екпін қойып, солистермен «бельканто» стилистикасы мен фразировкасын пысықтайтын болады.

Айта кетейік, Алессандро Бениньи 20 жылдан астам уақыт Озимодағы (Италия) Лирикалық өнер академиясында сабақ берді және әлемдік опера орындаушыларымен жұмыс істеген. Пианист және музыкалық жетекші ретінде ол Еуропаның, Жапонияның және басқа да елдердің танымал театр, фестивальдарымен ынтымақтастықта қызмет еткен.

Енді маэстро өзінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін қазақстандық солистермен бөлісетін болады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға