Жаңалықтар

Алматыдағы театрда Бекзат Саттархановқа арналған қойылым сахналанды

Алматыдағы театрда Бекзат Саттархановқа арналған қойылым сахналанды
Фото: Мемлекеттік қуыршақ театры 23.02.2024 03:05 540

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театрында тұңғыш рет қазақ спорт тарихында өшпес із қалдырған ұлт мақтанышы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановқа арналған «Чемпион» қойылымы сахналанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықты ту ететін қойылым премьерасына Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова, Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Арман Халбеков, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан спорт шебері – Еділов Тұрсынғали, қойылым авторы, драматург – Байбол Әлібек қатысты. Олар қойылым туралы ой-толғамдары және пікірлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін арнады.

Қойылымда Бекзаттың дүниеге келуінен бастап, оның чемпион атанған сәтке дейінгі ғұмыры баяндалады.

Тұңғыш рет сахналанған қойылымның мақсаты – болмысы бөлек бокс шебері, ұлт мақтанышы, аз ғана ғұмырында 143 жекпе-жек өткізген біртуар боксшының асқақ рухын қуыршақ образында көрсету. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға