Жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекованың келінінің құпиясы ашылды

Гүлзира Айдарбекованың келінінің құпиясы ашылды
Фото: instagram.com/indi_maulenova 03.11.2023 18:36 18071

Жақында Айдарбековтар әулеті кенже ұлы Заңғар Нұртасты екінші рет үйлендіріп, келін түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келін түсіргенін сүйіншілетіп, әлеуметтік желіге жазба жариялады.

Сүйінші! Келін келді! Аллаға мың да бір шүкір! Индира келінімізді абыроймен үйге алып келдік. Бақытты болыңдар, балапандарым! Алла бақтарыңды ашсын! Ал ақ тілектеріңізді жаза беріңіздер, - деп жазды ол.

Көпшілік жастарға бақыт тілеп, ақ тілектерін жаудырған. Сонымен бірге олар жаңа түскен келіннің тағы бір құпиясын ашып қойды.

«Сейітжановтардың туған жиені ғой, Индираның шешесі Сейітжановтың туған қарындасы», «Сейітжановтарды Шымкентте бәрі таниды, «Риксос Хадиша солардікі», «Қай жерден болса да, неміз бар, жастар бақытты болсын дейміз де», «Бір жылда баласын екі рет үйлендіре салу да оңай болды елдерге, бақтары ашылсын» деп жазды олар.

Бұған дейін, келініне 10 мың доллар қалың мал бергенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға