Жаңалықтар

"Қалың малы - 10 мың доллар". Гүлзира Айдарбекова құдаларын риза қылды

"Қалың малы - 10 мың доллар". Гүлзира Айдарбекова құдаларын риза қылды
Фото: Видеодан кадр 31.10.2023 13:15 7916

Айдарбековтар әулеті кенже ұлы Заңғар Нұртасты екінші рет үйлендіріп, құдалыққа барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова құдаларына апарған қоржындарын көрсетіп, дәстүр бойынша қалыңдықтың қалың малын берді. 

Әке күші - 500 мың, ана сүті - 500 мың, қалың малы - 10 мың доллар, сосын өлі-тірісі бар, - деп берді Гүлзира Айдарбекова.

Сондай-ақ құдалыққа жақсылап дайыдалып келгенін де айтты.

"Қазақстандағы ТОП құдалықтардың бірі болды! Құдаларымыз керемет адамдар екен", "1 жүк көлігін толтырып әкелген заттарды 5-6 бала болып жабылып жүріп түсіріп алдық", - деп жазды ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға