Жаңалықтар

Грекияда Транскаспий халықаралық көлік бағытының таныстырылымы өтті

Грекияда Транскаспий халықаралық көлік бағытының таныстырылымы өтті
11.07.2023 07:35 641

Қазақстанның Грекиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Балқан және Қара теңіз форумының басшыларына арналған дөңгелек үстел барысында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) әлеуетінің таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға Грекия сыртқы істер министрінің орынбасары Костас Фрагояннис, шетелдік елшілер мен Балқан және Қара теңіз өңірлері елдерінің іскер топтарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ТХКБ дамыту перспективасы, оның ішінде инвестицияларды талап ететін инфрақұрылымдық жобалар ұсынылды, сондай-ақ ТХКБ мен Трансеуропалық көлік желісінің (TEN-T) өзара байланысының мүмкіндіктерін қоса алғанда, Еуразиядағы дәстүрлі бағыттар мен жеткізу тізбектерінің өзгеру динамикасы талқыланды.

«Байланыс, икемділік және инфрақұрылым» атты дөңгелек үстелдің панельдік сессиясы Еуропаны Орталық Азиямен және Жерорта теңізімен байланыстыратын жаңадан дамып келе жатқан көлік бағыттарының синергиясын зерттеуге арналды.

Оқи отырыңыз:

Балқан және Қара теңіз форумының Атқарушы комитетінің төрағасы Гианис Балакакис Еуропалық қайта құру және даму банкінің Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстарын орнату бойынша зерттеуінің нәтижесі Қазақстан мен Грекия арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жақсы перспективаларын көрсететінін атап өтіп, ТХКБ-ға қатысуға грек компанияларының қызығушылығы бар екенін жеткізді. ЮНКТАД мәліметтері бойынша, Грекия әлемдік флоттың 17,63% құрайтын 384,4 миллион тонна сыйымдылығы бар 4 870 кемеден тұратын флотқа ие. Аталған көрсеткіш бойынша Грекия әлемде бірінші орында тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға