Жаңалықтар

Facebook пен Instagram желілері қайта іске қосылды

Facebook пен Instagram желілері қайта іске қосылды
Фото: © Pixabay.com 05.03.2024 22:02 755

Meta компаниясына тиесілі Facebook пен Instagram желілері қайта іске қосылды. Бұл туралы желі қолданушылары жазуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан уақытымен кешкі сағат 20.30 шамасында әлем бойынша Facebook пен Instagram желілері істен шыққан болатын. Көп ұзамай Meta компаниясының өкілі Энди Стоун аталған әлеуметтік желілердің істен шығуына байланысты пікір білдіріп, олқылықты ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға