Жаңалықтар

Meta компаниясының өкілі Facebook пен Instagram желісінің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Meta компаниясының өкілі  Facebook пен Instagram желісінің істен шығуына қатысты пікір білдірді
Фото: © Pixabay.com 05.03.2024 21:19 761

Meta компаниясының өкілі Энди Стоун Facebook пен Instagram желілерінің істен шығуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Энди Стоун Twitter парақшасында жазды.

Біздің қызметтерге кіруде қолданушылар кедергілерге тап болғанынан хабардармыз. Біз олқылықты ретке келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз деп жазды Meta компаниясының өкілі.

Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 20.30 шамасында Facebook пен Instagram желілері істен шыққанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға