Жаңалықтар

«Ешкім жазадан қашпайды». Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлы жайлы

«Ешкім жазадан қашпайды». Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлы жайлы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.06.2023 14:47 515

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты. БАҚ өкілдері министрге «Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс неліктен ұзаққа созылып кетті және оның жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?» деген сауал қойды.

Біз соттың ісіне жауапты емеспіз. Қылмыстық іс қозғалған. Алдағы уақытта сот шешім шығаратын болады. Ешкім де қашып кетпейді. Мен қылмыстық іс бойынша түсініктеме бере алмаймын, бұл үшін қылмыстық қудалау органдары бар. Сот шешеді. Мен үшін барлық сарбаз бірдей. Бұзақылық жасағандары болсын, өте тамаша жігіттер болсын, мен үшін барлығы өзімнің балаларымдай. Егер ол бұзақылық жасаған болса, онда жауапқа тартылады. Ешкім қашпайды, жасырынбайды. Заң бар, соған сәйкес бәрі шешіледі, - деді министр.

Еске сала кетсек, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген.  

Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі, яғни «Екі және одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізілген болатын.

Бұған дейін оған қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын жазғанбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға