Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды
Фото: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov 04.04.2023 10:18 800

Алматылық заңгерлерді соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Істің мән-жайын жәбірленуші Анна Дмитриевич Instagram парақшасында жазды.

"Қылмыстық істі тергеу аяқталды және танысу сатысына өтті, содан кейін ол сотқа жіберіледі. Бірінші кезекте барлық Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сондай-ақ, бұл істі жариялаған журналистерге алғыс айтамыз”, – деді Анна Дмитревич.

Оның сөзінше, қысқа мерзімде процедуралық шешім қабылданған. Сараптамада денсаулыққа орташа зиян келтірілгені анықталғаннан кейін іс қайта даярланып, Ішкі істер министрлігінің Қарулы Күштеріне жіберіліпті.

"Істі кім нақты қадағалағаны белгісіз, бірақ мұндай қысқа мерзімде жүргізілген тергеу әрекеттерінің көлеміне қарағанда, күнделікті қадағаланғаны анық. Шынымды айтсам, "Ескі Қазақстанның" белгілері байқалды, бірақ тергеудің принциптілігінің арқасында тергеу аяқталды. Ісіміз әскери сотқа жіберіледі. Онда жағымсыз тосынсыйлар болмайды және бәрі заң аясында өтеді деп үміттенемін", – деп жазды Дмитриевич.

Еске сала кетсек, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген.  

Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі, яғни «Екі және одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға