Жаңалықтар

Ерке Есмахан неге гендер-пати жасамайтынын айтты

Ерке Есмахан неге гендер-пати жасамайтынын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan 06.09.2023 15:22 1465

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде құрсағындағы сәбидің жынысын анықтауға арналған іс-шараны қашан ұйымдастыратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әншіден оқырмандарының бірі «гендер-пати қашан?» деп сұраған.

Оқи отырыңыз:

Ерке мұндай іс-шараны өткізуді жұбайы құптамайтынын алға тартты.

Раим құптамай отыр. Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым. Әлі де айтып көремін. Бірақ болмайды-ау сол, - деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан мен Раим бейнебаян арқылы сүйінші хабарды жеткізген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға