Жаңалықтар

Ерке Есмахан мен Raim сәби күтіп жүргенін ерекше тәсілмен хабарлады

Ерке Есмахан мен Raim сәби күтіп жүргенін ерекше тәсілмен хабарлады
Фото: instagram.com/erke_esmahan 25.08.2023 11:00 885

Биылғы көктемде шаңырақ көтерген қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен Raim сәби күтіп жүргенін ерекше тәсілмен сүйіншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жұлдызды жұп бейнебаян түсіріп, ол жерде Еркенің аяғы ауыр екенін көрсеткен.  

Bul mahabbat әніне түсірілген бейнебаян қазірдің өзінде 500 мыңнан астам қаралым жинаған. Сюжет бойынша, Raim дыбыс жазу студиясында түн жарымға дейін қалып, оған жүкті әйелі хабарласып, донер донер жегісі келгенін айтады.

Жарының қалауын орындағысы келген Раим тез тағам дайындайтын орталықтардың бәрін аралап донер таппай, ақырында полицейдің қолындағы донерді ұрлап кетеді.

Бейнебаян да, сүйінші хабар да жұптың жанкүйерлерінің көңілінен шыққан тәрізді, тыңдарман әншілерге ізгі тілектерін жеткізген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға