Жаңалықтар

Ерке Есмахан баласына бренд сөмке алғаны үшін елден сөз естіді

Ерке Есмахан баласына бренд сөмке алғаны үшін елден сөз естіді
Фото: instagram.com/erke_esmahan 08.01.2024 10:31 1128

Әнші Ерке Есмахан өзін бренд киім үшін сынап жатқан оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Кішкентай балаға қымбат бренд сумка не керек? 5 баланың затын пакетке салып ақ өсіргенбіз. Анау мынау", деп жазып жатқан аналарға айтарым: Күйеуімді де, мені де ата-аналарымыз пакетпен, коляскасыз, үлкендерден қалған киімдерді кигізіп өсірген. Қарапайым жанұядан шыққанбыз. Сонда да ештемеден кем қылмады, шүкір!, - деп жазды әнші.

Енді баласының заманауи болғанын қалайтынын атап өтті.

Енді әкесі де, мен де осы балаларымызға заманға сай бар жақсыны алуға, қолымыздан келгенді жасауға тырысып жүрміз. Аллаға шүкір. Адал табысымызды балаларымызға жұмсамағанда қайда жұмсаймыз?! Құтты болсын айтсаңыздар, жұғысты болады, - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Ерке Есмахан күйеуіне алғыс білдірген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға