Жаңалықтар

"11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты". Ерке Есмахан күйеуі туралы айтты

"11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты". Ерке Есмахан күйеуі туралы айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan 05.01.2024 10:43 23750

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуіне алғыс білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің Instagram парақшасында оқырмандармен сырласып, сұрақтарына жауап берді.

Райым бұрыннан мейірімді жан ғой. Қазір тіпті ғажап. Райымдай әке жоқ. Ислам бақытты бала осындай әкесі бар. Муслиммен де қарым-қатынасы керемет. Ұлым туғаннан анамның қасында болды. Тұрмысқа шыққан бойда Райым “Муслим бізбен тұрады” деді. Содан қолымызға алдық. Міне, бақытты жанұямыз. Бұрын мен қандай анамын деген ой жиі мазалайтын. Қазір қос ұлым жанымда. Райым 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар, балалы болғаннан кейінгі депрессияға түспегенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға