Жаңалықтар

Ерғали Шамей пара дзюдодан Азия чемпионатында топ жарды

Ерғали Шамей пара дзюдодан Азия чемпионатында топ жарды
Фото: Қазақстан пара дзюдо федерациясы 28.04.2023 18:15 813

Қазақстандық Ерғали Шамей пара дзюдодан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол финалда көзі мүлдем көрмейтіндер санатында (J1) 73 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шохрух Мамедовты жеңді.

Ал қола жүлдені ирандық Махди Борчлоу мен қырғызстандық Маматибраим Суранов жеңіп алды.

Бұған дейін Даяна Фидосова чемпион атанып, Ақмарал Науатбек күміс жүлдеге қол жеткізгенін хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға