Жаңалықтар

Даяна Фидосова - пара дзюдодан Азия чемпионы

Даяна Фидосова - пара дзюдодан Азия чемпионы
Фото: t.me/kazparajudo 28.04.2023 16:12 658

Пара дзюдошы Даяна Фидова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Федерация мәліметінше, ол көзі нашар көретін спортшылар арасында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Айта кетерлігі, бұл - Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Ақмарал Науатбек күміс жүлде иеленген болатын.

Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға