Жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінде өнер көрсетеді

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінде өнер көрсетеді
Фото: ktf.kz 20.03.2023 13:37 937

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы тағы бір ірі жарыс – Майами WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары болып жатқан, жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасы 21 наурыз – 2 сәуір аралығында өтеді.

Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 60-ракеткасы, ресейлік Анна Калинская немесе рейтингте 194-орында тұрған Андорра өкілі Виктория Хименес Касинцеваның біреуімен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингте 75-сатыдағы канадалық Ребекка Мариномен шеберлік байқасады.

Осыған дейін қазақстандық жас теннисшінің Индиан-Уэллс өткен жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға