Жаңалықтар

«Дикий Арманды» танымаймын – Балғынбек Имаш

«Дикий Арманды» танымаймын – Балғынбек Имаш
Фото: Видеодан кадр / instagram.com/armandzhumageldiev 23.11.2023 12:02 6562

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш «Дикий Арманды» танымайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір кездері әлеуметтік желіде Балғынбек Имаштың «Дикий Арманға» арнау айтқан видеосы тараған болатын. Соны меңзеген TALK LIKE бағдарламасының жүргізушісі Аман Тасыған айтыскерден «қылмыс әлемінің серкесін» қайдан танитынын сұрады. Алайда ақын оны тек Айнұр Тұрсынбаева шақырған іс-шарадан көргенін айтып ақталды.

Мен оны танымаймын, ондай жігіт бар екенін білмейді екенмін. Айнұрға (Айнұр Тұрсынбаева – ред.) бардық. Айнұр тұсаукесерге, одан қалды шұжық шығарғанда шақырды. Өйткені Айнұрдың күйеуі сол Арманның жолдас жігіті екен. Сондай бір іс-шараларда кездесіп қалғаным болмаса, «Арманға барды» деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Бірнеше рет әңгімелестік, сондағы ойым уағыз айту еді, сөйтсем өзіме уағыз айтып жіберді, қалай дегенмен талайды көрген ғой. «Камерада, суықта мені сақтап қалған – Құран. Құранды оқи бердім, оқи бердім» дегені есімде. Араб тілін үйреніп жүрген екен, қазаққа пайдам тисе деген ойын айтты. Ішіндегісін білмеймін, бірақ сөзіне қарап қазақ деп жүрген жігіт екен ғой деп ойладым, - деді ақын.

Сол үшін де Арман туралы пікірі дұрыс екенін айтты. Ақын қолдағы барды көрсете бермеу керектігін де алға тартты. Мұндайда көз тиюі мүмкін екенін еске салды.

Бұған дейін Имаш Болат Назарбаевтың бір бума ақша бергенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға