Жаңалықтар

Болат Назарбаев бір бума көк қағазды ұстата салды – Балғынбек Имаш

Болат Назарбаев бір бума көк қағазды ұстата салды – Балғынбек Имаш
Фото: Видеодан алынған кадр 23.11.2023 11:00 1801

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш TALK LIKE бағдарламасына берген сұхбатында Болат Назарбаевтан алған сыйақысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші ақыннан «Болат Назарбаевтың өнер көрсеткен жұлдыздарға артығымен ақша береді деп жатады. Сізде де солай болды ма?» деп сұрады.

Бірнеше рет болды. Осыдан 5 жыл бұрын ғой деймін, 65 жасына барып қалдық. Таныс жігіттер шықырып, 3-4 ақын қатар тұрып айтыстық. Ал сыйақымызды алдын ала беріп қойған. Сол жерде әзіл айтып, сол кісіге тілегімізді жеткіздік. Есіктің алдында болып жатқан, үйіне біреуді жұмсады да, бір бума көк қағазды алдыртып, төрт ақынға бере салды. Ол ақшаның қайдан келіп жатқанын білмейміз, өнерімізге берілген баға деп түсіндік.

«Намаз оқитын адам үшін ақшаның қайдан келіп жатқаны қаншалықты маңызды?» деген сауалға ақын былай деп жауап қатты:

Мен оны білемін, ұлы Нұрболмен сапарда бірге болдық, намазхан жігіт. Соңғы жылдары бизнесін алкоголь немесе өзге де харам нәрседен тазартуға тырысты. Алла бір перзент берсе, Нұрбол секілді перзент берсін. Әкесі ауырғанда ауруханада басында тұрып күзетіп, барлық жұмысын тастап, әкесінің қасында болды. Ол намазхан жігіттің әке-шешеге деген құрметі. Талай ауылға мешіт салды. Одан қалды әкесінің бизнесіндегі харам дүниелерді тазартты, - деді Имаш.

Балғынбек Имаш өмірден өткен адамның артынан қаңқу сөздер айту да дұрыс еместігін еске салды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 13 қараша күні 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүниеден озды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға