Жаңалықтар

Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды
Фото: amanatpartiasy.kz 18.07.2023 10:43 639

AMANAT төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.

Партия мәліметінше, ол 2019 жылы Jas Otan жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

Оқи отырыңыз:

2020-2021 жылдары «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы болды. 

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Nur Otan партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.

2022 жылдың наурыз айынан бастап тағайындалғанға дейін AMANAT партиясының хатшысы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға